Журналист Айнұр Коскина экс-депутат Бекболат Тілеуханның қол жұмсағанын айтады

Айнұр Коскина полицияға арыз жазды, деп хабарлайды «Тілші» Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Vesti.kg порталының тілшісі Айнұр Коскина экс-мәжілісмен Бекболат Тілеуханның қол жұмсағанын хабарлады. Тілшінің айтуынша, Тілеухан оның телефонға арналған штативін сындырған, сұрақ қойып жатқан кезде басына қолын тигізген.

Журналист Бекболат Тілеуханнан көп әйел алу жөнінде заңға қатысты ойын сұраған.

Коскинаның хабарлауынша, экс-депутат лифтіде қол жұмсаған. Оқиғаны видеоға жазып алған журналист сәл кейін жариялайтынын айтады.

Журналист полиция шақырды. Тәртіп сақшылары келгенше Бекболат Тілеухан оқиға орнынан кетіп қалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған