Tilshi.kz сайты «Интерньюс Қазақстанның» Азаматтық журналистер желісін құру бойынша грантын ұтып алды

Қазақстан мен Тәжікстанда Азаматтық журналистер желісін құруға гранттар байқауының жеңімпаздары анықталды. Олардың қатарында Tilshi.kz сайты да бар.

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын «Тілші» сайты Азаматтық журналистер жобасын қолға алған болатын. Қазақстанның барлық өңірінен 80-нен астам өтініш келіп түсті. 15 адам іріктеуден өтіп, 6 ай көлемінде «Тілшіге» материалдар әзірлеп отырды.

Жоба аясында азаматтық журналистерге қаламақы төленді.

Ал, 2022 жылы жалғасатын жоба бойынша қосымша ақпараттар мен оған қатысу талаптары жайлы алдағы уақытта Tilshi.kz пен TilshiMedia.kz сайттарында және осы сайттардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Айта кетейік, «Тілші» медиа мектебінің түлектері түрлі редакциялар (радио, газет, сайттар) мен баспасөз қызметтерінде қызмет етіп келеді.

2021 жылы «Тілші» Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал қалаларында 10-нан астам офлайн форматта семинар-тренинг пен осынша вебинар ұйымдастырды.

Сонымен бірге, 2021 жылы оқырмандарды жұмылдыра отырып, Tilshi Books жобасын жүзеге асырды. Жоба аясында 3 мыңнан астам кітап жиналып, әлеуметтік құрылым өкілдеріне (Ақтөбедегі қарттар үйі, аналар орталығы, жастарды бейімдеу орталығы, мүмкіндігі шектеулі жандар орталығы, саяжай тұрғындары, т.б.) үлестірілді.

Осыған дейін «Тілші» Қырғызстанға 2 рет медиа-тур ұйымдастарды, тур аясында Ақтөбе өңірінің жас тілшілері көрші елдің жетекші редакцияларына (Super.kg, КТРК құрамындағы бірнеше телеарна мен радио, НТС холдингіне қарасты телеарна мен этнорадио, «Бесінші арна», YouTube арналар, Анимация студиялары, Nazar TV мен Nazarnews.kg, Bars.kg, т.б.) экскурсия жасап, Қырғызстанның тәжірибелі журналистерімен кездесті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған