«Қоғамдық қатысу мектебі» аясында Атырау белсенділеріне арналған тренингтер сериясы басталды

Бюджет қаржысына қалай бақылау жүргізуге болады? Құқықтық тұрғыда қорғану мүмкін бе? Эдвокаси кампания не үшін керек? Осы және өзге де сауалдарға атыраулық белсенділерге арналған семинар-тренингтер барысында жауаптар айтылды.

Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы қолға алған «Қоғамдық қатысу мектебі» жобасы аясында тренерлер үш күн бойы бірнеше бағытта дәріс оқиды.

Жобаның мақсаты, альянс жетекшісі Жібек Ахметованың хабарлауынша, өңірлердегі белсенді азаматтардың қоғамның дамуына араласуын ынталандыру.

«Осыған дейін Маңғыстау облысының азаматтық қоғам өкілдеріне арналған тренингтер сериясы өтті. Осы жолы Атырау облысының БАҚ және ҮЕҰ өкілдері, белсенді азаматтары мен волонтерлеріне бюджет мониторингі, құқықтық қорғау, эдвокаси негіздері бойынша білім береміз. Алдағы жылдың қаңтарында осындай шара Ақтөбеде өтеді деп жоспарлап отырмыз», – дейді Жібек Ахметова.

Білікті тренерлер қатарында журналист Айнұр Коскина, бюджет сарапшысы Шолпан Әйтенова, заңгер Алексендр Муха, медиатренерлер Есенгүл Кәпқызы мен Асқар Ақтілеу бар.

«Қоғамдық қатысу мектебі» жобасы Еуропалық Одақтың қолдауымен қолға алынып отыр. Жобаға барлығы 300-ге тарта белсенді жұмылдырылады.

Айта кетейік, осыған дейін еліміздің батыс өңірінде мұндай ауқымды жоба өтпеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған