«Айсын» радиожурналистика мектебі бірнеше бағытты қатар алып жүрмек

Ақтөбеде ашылғанына көп бола қоймаған «Айсын» радиожурналистика мектебі жаңа бағыттарда жұмысын жалғастырмақ. Бүгінде радио жұмысының қыр-сырымен шектелмей, мәтін жазу, сауатты сөйлеу, журналистік материалдар жазу, көркемсөз өнері шеберлігін де үйрете бастады.

Мектеп жетекшісі Айсын Байтақованың айтуынша, қазіргі таңда жергілікті «Тандем» радиосында «Жас тілші» айдарымен балалар шығармашылығына қатысты хабар ұйымдастырылады. Сонымен бірге, Ақтөбедегі қазақ тіліндегі тәуелсіз «Керек инфо» газетімен де бірлесіп, балалар шығармашылығына бет әзірленеді.

«Балалардың сөздік қорын дамытқымыз келеді, сөйлеу өнерін үйретеміз. Мәтін жазу, ақпарат құрылымы, камера мен микрофон алдында өзін еркін ұстау секілді жайттарға назар аударамыз. Драма театрының актрисасы Майгүл Мұзбаева актерлік өнердің қыр-сырымен бөлісіп келеді. Тілші Ақтілек Орынбасарова материал дайындауды оқытады, журналист Жанар Датқызы ақпарат құрылымы бойынша дәріс оқиды. Алда жоспар көп», – дейді мектеп жетекшісі.

«Тілші-ақпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған