Халықаралық басылымдардың оқырманы алдындағы шынайылығы

Халықаралық басылымдарда жаңалық таратқанда, деректі фильм, тарихи контент жасағанда “жылдамдық емес, ақпараттың нақтылығы маңызды” деген девиз ұстайды. Ақпараттағы нақтылық – басылымдардың репутациясы және аудиторияның сенімділігі. Сондықтан басылымдар егер ақпаратты нақты білмесе, қолында дерегі жоқ болса “нақты білмейміз, анықтауға тырысып жатырмыз” деп ашығын жазады, аудиторияны алдамайды. Қандай да бір мәлімдемелер, деректерге сенімсіз болса, анықтай алмаса оны да ашық айтады.

📌1 мысал. Әлеуметтік желіде Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қару-жарақ қоймасы жарылғаны айтылып, “жарылыс сәті” деген видеолар тарап кетті. Редакция бұл видеолардың сол оқиғаға қатысы бар жоғын әзірге білмейді, қазір тәуелсіз дереккөздер арқылы видеолардың қайда түсірілгенін анықтауға тырысып жатыр.

📌2 мысал. Телеграм каналдарда президент мемлекеттік ұшақты пайданалып жеке сапарлар жасағаны хабарланды. Бірақ редакция бұл ақпаратты тәуелсіз дереккөздер арқылы анықтай алмады.

✅ Халықаралық стандарттарға сай, басылым ешқашан аудиториясын алдамауы тиіс. Фактілерді өзгертпейді, фактілерді қасақана бұрмаламайды. Егер фактіден қате кетсе бірден түзейді және аудиториясына ол жайлы ескертеді.

Бұл жазба Руслан Меделбектің телеграм-парақшасынан алынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған