Лонгрид не үшін керек? Лонгрид жазғанда ескеретін жайттар мен көмектесетін сервистер

Лонгрид мәтін жазу әдістері

Лонгрид – 10 мың символдан асатын көлемді мақала. Онда тақырыпқа терең енуге көмектесетін инфографика, фотосуреттер болады.  Ол мағыналық бөліктерге бөлініп, тақырыпты толық аша алу керек.

Лонгрид не үшін керек?

Бұл тақырыпқа толық енуге мүмкіндік береді. Сюжеті, шарықтау шегі, қорытындысы бар оқиғаны суреттеуге болады. Бүгінде лонгрид жарнамада көп қолданылады. Мәтін сатылымның коммерциялық пайдасы туралы емес, өнімнің пайдасы, бренд тарихы, т.б. қызықты оқиға туралы болады.

Лонгрид түрлері:

Портрет

Белгілі бір танымал адамның тарихы. Автордың мақсаты – танымал адаммен таныстыру.

Репортаж

Оқиғаны шолу, зерттеу. Мұндай мақалада бәрі егжей-тегжейлі жазылады. Әр нәрсені толық сипаттайды.

Аналитикалық лонгрид

Кей оқиғаларды сипаттайтын және егжей-тегжейлі талдайтын аналитикалық мәтін. Бұл оқиғаға жаңа көзқараспен қарауға, себептерін талдауға көмектеседі.

Мультимедиа

Иллюстрацияға толы мақала. Мәтінде көптеген фотосуреттер мен бейнелер болады.

Коммерциялық

Өнім немесе қызмет түрлеріне шолу жасау. Оның мақсаты – өнімді сату, тиімдісін ұсыну.

Реконструктор

Тарихи оқиғаны сипаттайды. Айтулы күнге орай жазылуы мүмкін. Онда көптеген фотосуреттер мен дәйексөздер болады.

 

Лонгрид жазғанда ескеретін жайттар

Құрастыру. Әр лонгрид үлкен деректерді, дайындықты талап етеді. Шексіз түзетулерден және бірнеше нұсқаларды байқап көруден қорықпаңыз.

Өңдеу. Қосатын нәрсе қалмады ма? Келесі қадамға өтіңіз — мәтінді өңдеп, қажет емес деректерді жойыңыз. Жақсы шығу үшін кейбір элементті өзгертіңіз. Лонгридте кез келген сұрақтың жауабы болу керек.

Лүпіл басуға және бөлісуге шақыратын блоктар қосыңыз. Қызықты және пайдалы әңгімелерге оқырман лүпіл аямайды, әсіресе батырма қолжетімді жерде болса. Сондықтан мұндай блоктарды жоғарғыға немесе төменге қалдырмаңыз. Ол туралы мәтін ішінде ескертіңіз.

3-4 тақырыпшадан кейін лүпіл басу үшін қоңырауы бар батырманы қосыңыз.

 

Лонгрид қызықты болу үшін…

Оқырманға түсінікті тілде жеткізіңіз. Кез келген терминді түсіндіріңіз. Қарапайым сөзбен алмастырыңыз. Мәтінді тақырыпшаларға бөліңіз.

Оқу уақытын көрсетіңіз. Егер контент қызық болса, 20-30 минут та оларға қорқынышты емес.

Бөлісу түймесін әртүрлі әлеуметтік желілерде қалдырыңыз. Мәтінді сақтауға мүмкіндік беріңіз. Оқырман жұмыста немесе кафеде сіздің мәтініңіздің көрінісін көрген болса, оны сақтап, кейінірек оралады.

Сілтемелер қосыңыз. Оқырман сілтемелерді оқымайды. Бірақ ол барлық фактілердің рас екенін көреді. Бұл сенімділікті арттырады.

Иллюстрация – медиафайлдар, фото, видео, GIF, инфографика.

Олар жоғары сапалы болу керек. Вертикальды фотосуреттерді пайдаланбаған дұрыс. Олар экранның көп бөлігін алады және әсемдеуге келмейді.

Иллюстрацияны үш немесе төрт абзацтан салсаңыз жетеді. Әйтпесе олар мәтіннен алаңдатуы мүмкін.

 

Лонгрид жазуға көмектесетін сервистер

Tilda. Оның көмегімен мақаланы блок бойынша жинайсыз, типографиялық элементтерді орнатасыз және мобильді құрылғыларға бейімдейсіз. Тегін тариф сайтқа 50 бет, мультимедия үшін 50 МБ бос орын болады.

Егер сізге көбірек жад немесе домен қажет болса, ақылы жоспарларды таңдаңыз.

Readymag. Суретті мәтіндерден бөлек, дыбыстық бейнені фонға енгізуге, Google картасын, твиттердің жаңартылған ақпаратын қосуға мүмкіндік береді. Смартфон режимінде көру түймесі бар.

Stampsy. Сіз ақысыз 10 слайд жасай аласыз. Сервис ыңғайлы редактор мен бірнеше шаблон ұсынады.

 

Инфографика мен диаграммаларды жасауға арналған сайттар

Creately. Ондаған диаграмма шаблондары қолжетімді.

Easely. Тіркелгеннен кейін  4000-нан астам редакцияланатын инфографиялық схема ұсынады.

Vizualize.me. Онда сіз карталардан, белгішелерден, уақыт кестелерінен және түпнұсқалық тақырыптардан инфографикаға шаблонды таңдай аласыз. Оларды пайдалану үшін сіз тіркелуіңіз керек.

 

Кейін оқу қызметі

Ұзын мәтіндерді кейінірек оқу үшін көбінесе сақтайды немесе бетбелгі қойылады. Оқырмандарыңызды Evernote, Instapaper, Pocket және т.б. сияқты құралдарды қолдануға шақырыңыз.

 

Әрекетті бақылау өлшемдері

Осы мақсаттағы ең танымал және ыңғайлы сервис — Google Analytics. Бұл сіздің мазмұныңызға деген қызығушылық деңгейін бағалауға көмектеседі.

Метрика мақаланың соңына дейін қанша адамның қалғанын, қайда тоқтағанын көрсетеді.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған