Медиа саласы үшін өзін-өзі реттеу тиімді ме? Kazakhstan Media Network жетекшісі ой қозғайды

Қазақстанда медианың өзін-өзі реттеу ұйымы бар ма? Болса, ол қалай жұмыс істеп жатыр? Жалпы, мұндай құрылым керек пе? «Тілші» Kazakhstan Media Network ҚБ атқарушы директоры Бақтыгүл Бурбаевамен осы сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітті.

Медиа саласында өзін-өзі реттеу бағытында соңғы жылдары қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Қазіргі әлемде ақпараттың ролі өте маңызды, ақпаратты жеткізу немесе тарату факторы да елеулі орын алады. Қандай хабарламалар, оқиғаны қалай жеткіземіз – осының бәріне мән берген дұрыс. Этика мен журналистік стандарттарды сақтай отырып, аудиторияны қадірлеу керек, оларға адал болу қажет.

2020 жылы бастамашыл топ жетекші медиасарапшыларға медиаэтиканың жаңа ережесін әзірлеу жөнінде ұсыныс жасады. Қазақстандағы Негізгі медиа ұстанымдар деп жобаның аты қойылды. Бүгінде Негізгі ұстанымдарды қолдау мақсатында Декларацияға еліміздің, жергілікті БАҚ-тың 200 өкілі қол қойды.

Журналист әр түрлі тарап пен бағыттардың мүдделер қақтығысында жұмыс істейді, тек әдеп стандарттары ғана шектен асып кетпеуге, сотқа тартылмауға мүмкіндік береді. Біздер зерттеу жүргізіп, осал тұсымызды таптық, біздің елде әдеп нормаларын өздігімен реттейтін бір де бір орган болмаған.

Құқықтық реттеу тұрғсында не айтасыз? Бұл бағытта қандай заңнамалық құжаттар бар?

ТМД елдерінің әрқайсысы медиа саласы бойынша дара жолмен дамыды, бірақ сол елдердің көбінде медиаэтиканы бұзу жөніндегі арыздарды қабылдайтын комиссия немесе органдар жұмыс істейді екен. Былтырға дейін қолымызда 2012 жылғы Журналистің Кодексі ғана болды. Бірақ көп уақыт өтті ғой, медиакеңістік өзгерді, интернет, әлеуметтік желі, блогерлер, жалт-жұлт ететін контент және басқа да түсініктер өмірімізге енді.

Сондықтан біздің медиақауымдастыққа медианы реттеудің әлемдік тәжірибесін үйренуге кеңес береміз. Бұл сотқа дейін медиа саладан шықпай-ақ, қауымдастықтың ішінде әдепбұзушылыққа қатысты арыздарды реттеуге болады деген сөз. Яғни біздер нақты әдептілік міндеттер мен кейстерге арналған нақты шешімдер табу үшін тараптардың пікір алмасуына ортақ алаң жасауға көмектесеміз.

Медианы өздігімен реттеу қоғамдық комитетіне тәжірибелі, бірбеткей, журналистканың кәсіби дамуына үлес қосқысы келетін әріптестеріміз ғана дауыс беру арқылы сайланады.

Осы ретте әріптестеріңізге – медиа саласы қызметкерлеріне не айтар едіңіз?

Қоғамдық комитетті құрған бастамашыл топ ретінде қазақстандық медиаларды аталған комитеттің жұмысына белсене араласуға шақырамыз, үміткерлерді ұсыныңыз, алғашқы құрамның сайлауына қатысыңыз. Бұл расында Қазақстан журналистикасы үшін тарихи оқиға.

Көптеген елдер медианы өздігімен реттейді, қоғам алдында жауапкершілігімізді арттыратын, журналистиканың бұрынғы даңқы мен аудиторияның сенімін қайтаратын және ең бастысы қауымдастық ішінде салалық мәселелерді шешу үшін бірігетін уақыт келді.

Қазіргі таңда сіздің ұйым тарапынан нақты не істеледі?

Әр редакция Базалық ұстанымдарды білсін деп бар күшімізді саламыз. Өңірлердегі көптеген әріптестердің қолдауымен «Қазақстандық Медиа Желісі» қоғамдық ұйымы әрекеттесетін нетворк жасап жатыр. Бұл жуырда Қоғамдық комитеттің ашық отырысында әдеп ұстанымдарын бұзу туралы әр арызды бірлесіп қарауға мүмкіндік береді.

Бұзушылықтар бойынша кейстер күн сайын көбейіп келеді. Өз кәсіби науашамызды толығымен жоғалтып алмау үшін қатемен жұмыс жасап, болашақта олқылықтарды қайталамау үшін қатемізді мойындауымз керек.

Кәсіби стандарттар мен медиаэтиканы ұстанатын кәсіби журналистиканың болашағы зор! Ал «әдепсіз журналистиканың» астарында өсек, жалған ақпарат, адамның жеке өміріне қол сұғу және т.б. жат әрекеттер жатыр. Ал мұндай жол ұрыс-керіске, сотқа, сенімнің жоғалуына және журналистикадан кетуге әкеледі.

Ал осы өзін-өзі реттеу жөніндегі Қоғамдық комитеттің құрамын сайлау барысы туралы айтып бересіз бе?

Құлақтандырылған, яғни қорғалған деп бұрын да айтатын. Бірақ біздер Қазақстандағы өздігімен реттейтін медиа жөніндегі Қоғамдық комитет секілді кәсіби қорғаныс жасағымыз келеді. Айтпақшы, ашық сайлауды қамтамасыз етеміз. Үміткерлерді ұсыну 21 маусымында басталып, 23 шілдеге дейін жалғасады. Хабарламаларды біздің ұйымның аккаунттарынан:

https://www.instagram.com/media.principles.kz, https://t.me/media_principles_kz немесе жобаның сайтынан: https://mediaprinciples.kz/ оқыңыз.

Сайт пен аккаунттарда көрсетілген конференция ашуға арналған сілтемелер арқылы өтіңіздер. Сол жерде сіздер үміткерлер туралы сұрақты қоя аласыз, үміткерді ұсынуға, Қоғамдық комитет ережелерін талқылауға, үміткерге дауыс беруге болады.

Сондай-ақ, медианың Базалық ұстанымдары аясында медиаэтиканы бұзу жөніндегі ағымдағы кейстер негізінде мәселелерді шешуге, мамандардың кеңесін тыңдауға, медианы өзіндік реттеудің әлемдік тәжірибесін білуге мүмкіндік бар. Қоғамдық комитеттің құрамында медиасаланың 6 өкілі, басқа шығармашылық пен қоғамдық саладан 3 өкіл жұмыс істейтін болады.

Қоғамдық комитеттің екі мүшесі көп дауыспен екі жылға сайланады. Жұмыс ақысыз, Қоғамдық комитеттің арыздарын жинау және ұйымдастыру, мамандарды шақыру жұмыстарын «Қазақстандық Медиа Желісі/ Kazakhstan Media Network» өз мойнына алып отыр.

Базалық ұстанымдар жөнінде тарқатып берсеңіз…

Ақпараттық алаңды сапасыз контенттен тазарту үшін блогерлерді де, әлеуметтік желідегі басқа да контент авторларын Медианың Базалық ұстанымдарын орындауға шақырамыз. Сенсеңіздер болады, оқырмандар төленген, бірақ таңбаланбаған материалдарға әбден тойды. Бір біріміздің құқығымызды қадірлеп, адалдық пен шындыққа негізделген ақпараттық кеңістік жасауға шақырамыз.

Сондықтан бірдеңені жарияламас бұрын дереккөздерді тексеру, дұрыстығына көз жеткізу, ақпарат дереккөзін – алғашқы дереккөзге сілтемені көрсету, дәлдігін анықтау – не, қайда, қашан болды, қатысушылар мен оқиғаның себебін қамтып, толық ақпарат беру, факт пен пікірді ажырату, дау-дамай тараптарның пікірлерін тепе-тең беру, плагиатқа жол бермеу, аудиторияны шатастырмау үшін ақысы төленген материалдарды таңбалау керек!

Сіздің ұйымға қалай хабарласуға болады?

Өз кезегінде аудиторияны медианың Базалық ұстанымдарымен танысуға шақырамыз, егер ұсыныстар мен әдеп нормаларына қатысты бұзушылықтар болса, аты-жөніңіз бен байланыс ақпаратыңызды көрсетіп, хатыңызды media.princples.kz@gmail.com поштасына жолдай аласыз.

Анонимді арыздар қаралмайды. Сіздің байланыс мәліметтеріңіз Қоғамдық комитетте арызыңызды қарау кезінде ғана пайдаланылады, басқа еш жерге жіберілмейді.

Алдымызда журналистика факультеті мен кафедрасын оқытушылық құрамымен ұзақ әрі көп жұмыс күтіп тұр. Біздер мұғалімдер үшін Медианың базалық принциптері жөнінде жаңа силлабус, тренингтер дайындап жатырмыз. Себебі барлығы оқудың алғашқы күнінен басталады ғой, стандарттар мен әдепті ұстанымдарға негізделген кәсібилікті бойымызға сіңіруіміз керек.

Әңгімеңізге рақмет!

«Тілші»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған