“Хан қызының” пиары қанша тұрады? Қызылорда облысы әкімдігінің пропагандаға қанша жұмсайтыны белгілі болды

Әкімнің құттықтауларына миллион теңге жұмсайтын қай әкімдік екенін білесіз бе? Ras Aitamyn тілшілері  Қызылорда облысы әкімдігінің пропагандаға қанша ақша жұмсайтынына үңілді.

Қызылорда облысының әкімдігі 2020 жылы Nur.kz порталымен 23,6 млн теңгеге үш келісімшарт жасасты. 10 млн теңгенің келісімшарты бойынша берілген есепке қарағанда, портал әкім қызметін жан-жақты насихаттаған. Бастапқыда бұл Қуаныш Ысқақовтың пиары еді. Nur.kz Ысқақовтың сауда нүктелерін аралап, қазақстандықтарды амал мерекесімен құттықтағанын жазды. Кейін Ысқақов ұсталып, алаяқтық үшін сотталған соң, ақпарат құралдары бірден жаңа әкім – Гүлшара Әбдіхалықованың жұмысын насихаттауға көшті.

Nur.kz Әбдіхалықованың қызметін белсенді көрсете бастады. Мысалы, бірде Әбдіхалықова 180 отбасыға пәтер кілтін табыс етсе, енді бірде 100 жасқа толған ардагерді құттықтады.

Тіпті әкімнің Жаңақорған ауданына жұмыс сапармен барғанын да жазған. Әкім туралы порталға шыққан әр ақпаратқа 166 мың теңге төленді.

2020 жылы Қызылорда облысының әкімдігі Tengrinews.kz порталымен 11 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Қызылорданың салық төлеушілері облыс әкімі аймақтың дамуы туралы баяндады, Тоқаевтың жолдауын талқылады, 160 отбасыға пәтер кілтін табыстады, облыс тұрғындарына мәлімдеме жасады деген ақпараттарға ақша төледі. Кейін облыс әкімі “ковидпен күрес” бойынша тұрғындарға арнап мәлімдеме жасады, және тағы да мәлімдеме жасады деген ақпараттарға ақша төленді. Әр ақпаратқа 275 996 теңге төленді. Сонда үш мәлімдемеге бюджеттен 828 мың теңге төленген.

Әбдіхалықованың құттықтауларына да салық төлеушілердің ақшасы жұмсалды. Әуелі Әбдіхалықова 99 жастағы соғыс ардагерін құттықтады, артынша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаған, Көп ұзамай полицейлерді де кәсіби мерекемен құттықтады. Араға екі күн салып журналистерді кәсіби мерекемен құттықтаған. Осы төрт құттықтауға бюджеттен миллион теңге төленген.

Әбдіхалықованың ковидпен күресте белсенді жұмыс істеп жатқанын көрсету үшін Tengrinews-ке ақша төленді:

Гульшара Абдыкаликова посетила медцентры и аптеки Кызылорды
Гульшара Абдыкаликова ознакомилась с работой медучреждений в Кызылорде
Гульшара Абдыкаликова проведала пациентов районной больницы в Жанакоргане

Айтпақшы, Әбдіхалықова Жаңақорған кентіне барғанда, полиция жолды жауып тастап, тұрғындар барар жеріне жете алмай қалған еді. Ауруханаға жаяу жетіп, оның алдынан облыс әкімі мен көмекшілерін көріп қалған тұрғынның Әбдіхалықоваға жолды жаптыратындай “ханның қызысыз ба?” деп ұрысқан видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Бірақ Nur да, Tengrinews те, әлбетте, тендер есебінен жазылған ақпаратта жолдың жабылып, тұрғындардың жаяулап қалғанын жазбады

Жақында Павлодар облысы әкімдігінің пропагандасын зерттегенде Ras Aitamyn командасы ең қымбат мақалалар “Время” газетіне шығатынын байқаған. 2020 жылы “Время” басылымы Қызылорда облысы әкімдігімен 9 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Былай қарағанда, үлкен сома емес. Бірақ атқарылған жұмыс есебіне қарасақ, шыққан мақала саны көп емес әрі көпшілігіне аз емес ақша төленген.

Атап айтқанда, “Время” газетінде мынандай мақалалар шыққан:

Производство, и никаких гвоздей! (282 500 теңге). Мазмұны: Бірнеше жылдан бері қызылорда облысында ашылады делінген шыны зауыты ақыры жақында ашылады)
Бірақ зауыт сол бойы ашылмады. Енді шенеуніктер зауыт жыл соңына дейін ашылады деп уәде беріп отыр.

Президент поручил – аким сделал (302 500 теңге). Мазмұны: Әбдіхалықова мемлекеттк бағдарламалардың іске асу барысы туралы баяндады. Бүкіл мәтін әкімнің брифингіде оқыған баяндамасына ұқсас)

Откровенный разговор (275 мың теңге) Мазмұны: Әбдіхалықова Antikor Live жобасында сұхбат берген
Біз әкімдік қаралымы көп және материалға көп ақы алатын ақпарат құралдарын ғана қамтыық. Бірақ соның өзі Қызылода облысының әкімдігі әкім приарына көп-көрім ақша жұмсайтынын көрсетті.

мәтін: Ras aitamyn
фото: «Капитал»

1 пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған