БАҚ туралы заң жобасы не болды? «Әділ сөз» халықаралық қоры Ақпарат министріне сауал жолдады

«Әділ сөз»: «2017 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында 2018 жылы БАҚ қызметін реттейтін мүлдем жаңа заң бойынша жұмыс басталатынын айтып, «біз келесі жылдан бастап кірісуге дайынбыз. Бірақ бұл бір жылдық жұмыс емес, өкінішке орай, менің ойымша, екі-үш жыл қажет болады» дегенін еске салды. https://youtu.be/zyn0REa7VmA

«Әділ сөз» қоры тез арада ҚР АКМ-не жаңа заң жобасын әзірлеуде ынтымақтастыққа дайын екенін және 2018 жылғы қаңтарда вице-министр А.Әжібаевтың қолы қойылған жауап алды.  Онда жағымды сөздер мен түсіндірулерден кейін, жоба бойынша жұмыстың қаншалықты қиын екендігі айтылып: «министрлік сізге ақпарат саласындағы жаңа заң жобасын әзірлеудің басталғаны туралы міндетті түрде хабарлайды», – деп уәде етті.

2018 жылдың соңында ҚР АКМ БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің сол кездегі директоры Бекзат Рахимов Медиа құрылтайда сөз сөйлеп: «Бұл жаңа заң болады. Біз қоғамға қандай нұсқасы тура келетіні туралы зерттеу жүргіздік. Бұл «БАҚ туралы» заң бола ма, әлде ол қолданыстағы заңдарды біріктіреді ме? Ақпарат мәселелері бойынша біріздендірілген заң, онда БАҚ мәселелеріне бірнеше жекелеген тараулар арналады» – деген болатын. (https://kaztag.kz/ru/news/zakonodatelstvo-kasayushcheesya-smi-mozhet-byt-vklyucheno-v-unifitsirovannyy-zakon-ob-informatsii-sch ).

Одан бері бірнеше жыл өтті. Мемлекет басшысы естуші мемлекеттің саясатын жариялап, дәйекті түрде жүргізіп келеді. Оның азаматтық қоғам өкілдерін адам құқықтары саласындағы заң шығару процесіне тарту туралы талабы бірнеше рет айтылды.

Алайда, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің БАҚ пен журналистердің қызметін реттейтін жаңа заң жобасы бойынша азаматтық сектор мен журналистік қоғамдастық өкілдерінің қатысуын айтпағанда бұл жұмыс туралы жария ақпарат жоқ. Сонымен қатар, басқа да мемлекеттік органдар, атап айтқанда, ҚР ЦДИАӨМ журналистердің құқықтары мен сөз бостандығын негізсіз шектейтін заңнамалық жаңа ережелер ұсынды.

«Әділ сөз» қоры осы қызметтің жариялылығы мен алқалылығын қамтамасыз етуді сұрайды және осы жұмысқа толық көмектесуге дайындығын мәлімдейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған