Азаттық радиосының орыс қызметі Ресей билігінің үстінен Еуропалық сотқа шағым түсірді

Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының Ресейдегі қызметі Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотқа арызданды, деп жазады «Орталық Азия жаңалықтары».

Ресей билігі «АЕР/АР» жауапкершілігі шектеулі қауымдастығы мен оның бас директоры Андрей Шарыйға қатысты жүздеген әкімшілік хаттама толтырып, оларды «шетел агенттері» туралы заңды бұзды деп айыптаған. Соттар осы хаттамалар негізінде айыппұлдар салды.

Азат Еуропа/Азаттық радиосыынң еуропалық сотқа жолдаған шағымында Ресей билігінің әрекеттері сөз бостандығы мен ой еркіндігі құқықтарын бұзатыны айтылған. Медиакорпорация соттан шара қолдануын сұраған, әйтпесе Орыс қызметі мен оның бас директоры орны толмас шығынға ұшырайды.

2017 жылы Азат Еуропа/Азаттық радиосының Ресейдегі жобаларын Ресей билігі «БАҚ – шетел агенттері» деп таныды. Медиаұйым өзін «агент» деп есептемейтінін бірнеше рет мәлімдеген.

Ресей билігі биыл 12 қаңтардан бастап 15 сәуірге дейін Азаттық радиосының орыс қызметіне қатысты 390 хаттама толтырған. Айыппұлдар 80 миллион рубль болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған