Роскомнадзор Азат Еуропа/Азаттық радиосына тағы айыппұл салғысы келеді

Азат Еуропа/Азаттық радиосы корпорациясы Ресей билігінің радио қызметіне қатысты әрекетін сынайды және Орыс қызметін жабуға бағытталған әрекеттермен күреседі. Корпорация президенті Джейми Флай осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, » Ресейдейгі аудиторияға шынайы ақпарат беріп отырған корпорация Ресей билігінің қысым көрсету нысанына айналды, Кремль радио қызметін шектеуге тырысып жатыр. «Біз түрлі әдістермен ақпарат тарата береміз. Ресей тұрғындары таңдау құқығына ие болғысы келетініне сенімдіміз», – деді Флай.

Бұның алдында РСЕ/РС президенті корпорация журналистік тәуелсіздікке жасалып жатқан шабуылдармен күресетінін айтқан.

Роскомнадзор бірнеше айдан бері «шетел агенттері» деген атауға ие тізімдегі бұқаралық ақпарат құралдарына талапты күшейтіп келеді. Талаптарды орындаудан бас тартқандарға айыппұл салынып, сайттары бұғатталады. Мұндай қысымның көздегені – «тәуелсіз тілшілерге хабар таратпауға мәжбүрлеу», делінген АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде.

Бейсенбі күні Роскомнадзор Азат Еуропа/Азаттық радиосына тағы 130 хаттама толтырғысы келетіні мәлім болды. Мұндай хаттамалар 16 сәуірден бастап толтырыла бастайды. Медиакорпорацияға жалпы көлемі 2,3 млн доллар айыппұл салынуы мүмкін.

Осы уақытқа дейін Роскомнадзор РСЕ/РС корпорациясына шамамен 1 миллион доллар айыппұл салып, «шетел агенттері» туралы заңды 390 мәрте бұзды деген хаттама толтырған. Мәскеудің Тверь аудандық соты корпорацияның 72 шағымын қарамай қойды.

РСЕ/РС корпорациясының Ресейдегі аудиториясы өсіп келеді: 2021 жылы Азаттық радиосы Орыс қызметінің сайтына ай сайын 15 миллион адам кірген.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған