Tengrinews, Zakon мен Nur.kz порталдарындағы ақпарат қанша тұрады?

Алматы әкімдігінен ондаған миллион тендер алатын басылымдар бұл ақшаға не жазып жүр? Ras Aitamyn үш порталдың әкімдіктен алған тендерді қалай игергенін зерттеп көрді.

Әкімдіктен былтыр 17,4 миллион теңге алған Nur.kz-тің жариялаған материалдары негізінен Сағынтаевтың қайда барып, не істеп, не қойғанына арналады. Портал көп ретте тақырыпқа Сағынтаевты қосып, әкімге басымдық береді:

“В Алматы посадили 30 дубов возле магазина Sulpak, где были вырублены деревья”

“Сагинтаев проверил ход инфраструктурного развития Наурызбайского района”

“О доступности социальных объектов рассказал Сагинтаев”

По поручению Сагинтаева жителей Наурызбайского района обеспечат чистой питьевой водой”

“В Алматы набирает популярность акция «Носите маски»

“Вопросы алматинцев решаются в прямом эфире”

“Аким Алматы о Послании президента: Это масштабный пакет для стимулирования экономики”

Жоғарыдағы әр ақпарат үшін әкімдік Nur.kz порталына 318 161 теңге төлеген.

Пандемия басталғалы Nur.kz Алматы әкімдігінен 37,4 млн.теңгеге тендер алды.

Ал Tengrinews “Алматы қаласындағы іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу және қаланың өзекті мәселелерін орыс тілінде жариялау» үшін былтыр әкімдіктен 17,9 миллион теңгеге тендер алды. Tengrinews бұл сомаға 50 материал дайындауы тиіс болған. Жалпы, пандемия басталғалы әкімдік бұл порталға 37,9 миллион теңге тендер берді.

Tengrinews.kz порталына шыққан бірнеше абзац ақпараттың ақысы Nur.kz-тен асып түседі. Мысалы, былтыр желтоқсанда «Алматының сары аймаққа кірген аудандары аталды» деген бір ақпарат үшін әкімдік порталға 333 328 теңге төлеген. Төмендегі қысқа ақпараттардың құны да дәл сондай:

“Журналистам показали дезинфекцию ковидного госпиталя за 5 миллиардов тенге в Алматы”

“Названы сроки завершения строительства развязок и пробивки улиц в Алматы”

“Алматинские водители нарушили ПДД на 4,5 миллиарда тенге – Сагинтаев”

“Когда начнут строить линию БРТ и проект LRT в Алматы, рассказал Сагинтаев”

Қызығы, әкімдік тендер берген басылымдар кейде тіпті бір-бірінің тақырыбын айна-қатесіз қайталайды:

Tengrinews.kz: “Сагинтаев проверил темпы благоустройства Медеуского района”
Nur.kz: Бакытжан Сагинтаев проверил темпы благоустройства Медеуского района

Nur.kz: Сагинтаев: Жилищное строительство показывает хорошую динамику
Tengrinews.kz: Сагинтаев: Жилищное строительство показывает хорошую динамику

Екі портал Сағынтаевтың Медеу ауданына барғанын жазу үшін әкімдік бюджеттің 651 489 теңгесін жұмсады.

Былтыр әкімдіктен 13,8 миллион теңге тендер алған Zakon.kz те материалдарында Сағынтаевтың қайда барып, не істеп, не қойғанын тізіп шыққан.

“Сагинтаев призвал акимов районов
пересаживаться в стеклянные кабинеты”

“Сагинтаев о переходе ТЭЦ на газ: необходимо подождать”

“Сагинтаев ознакомился с проектами по организации досуга для детей”

Қызығы, Zakon әкім орынбасары Ержан Бабақұмаровтың қызметін де насихаттаған:

Бабакумаров провел встречу с лидерами религиозных объединений Алматы”

Бабакумаров посетил Центр адаптации несовершеннолетних в Алматы”

Zakon-ға шыққан Сағынтаев пен әкімдік жайлы әр ақпараттың құны – 89 285 теңге.
Zakon, Tengrinews пен Nur былтыр жазда індет өршіп, дәрі-дәрмек пен ауруханада төсек орын жетпей жатқан уақытта мемтапсырысты белсенді орындап, әкімдіктің халықты тыныштандыруға арналған мәлімдемелерін көптеп жариялаған:

Nur.kz: “В Алматы поступило больше 1 млн парацетамола”
Zakon.kz: “Сагинтаев о лекарствах: Нет поводов для паники”

Nur.kz: “На средства акимата Алматы в стабфонд
доставили новую партию лекарств от COVID-19”

Zakon.kz: Сагинтаев рассказал о мерах по повышению доступности лекарств в аптеках.

Биыл әкімдік Nur.kz порталымен 19 999 980 теңгеге, Tengrinews.kz порталымен 19 999 700 теңгеге келісімшарт жасасты. Енді бұл порталдар тағы да бюджет ақшасына Сағынтаев пен әкімдік қызметін насихаттамақ.

“Пандемия кезіндегі пропаганда” зерттеулер топтамасы АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен «MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы» аясында дайындалды. Ras Aitamyn Telegram-арнасы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған