Тілші сенсацияны емес, сенсация тілшіні қуып жүру үшін не істеу керек? Ардақ Ерубаева кеңес береді

Әрдайым қырағы бол. Кез келген дүниеден оқылатын, оқырманға қызықты материал шығаруға болады. Қарапайым тақырыптың өзі эксклюзивке айналуы мүмкін.

Креатив, сенсация материалды «даладан» емес, айналаңнан іздеуге тырыс. Жақын жерден табуға болады. Тек, көпшілік көретін дүниені емес, олар байқай бермейтін жайтты іздеу керек.

Журналист мемлекеттен ақша алып отырғандарға қолайсыз сұрақ қойып, ыңғайсыздық туғыза алу керек. Тілші шенеунікті ренжітіп алуым мүмкін деп алаңдамауы керек. Бюджет қаржысы – халықтан, салықтан түскен ақша. Ал, халық өз қаржысының есебін білуі керек. Журналист те шенділерден есеп ала білуі керек.

Адал дос бол. Әсіресе, ақпарат көздерімен сенімді байланыс орнату керек. Олар сенің «сатып кетпейтініңе» сенімді болуы керек. БАҚ туралы заң журналистерге «дерек көзді ұстап бермеуге» құқық берген.

Сұқбат берушінің ашылуына мүмкіндік бер. Ол да адам. Бірден ойын жинақтай алмауы мүмкін. Әңгімеге тарт. Жағдайын, көңіл күйін cұра. Қызды-қыздымен ол адам ашылуы мүмкін. Кейіпкеріңнің, сұқбат берушіңнің ашылуы – журналист үшін үлкен олжа, оқырман үшін сапалы, қызықты, оқылымды контент.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған