«Тілшіден 5 лайфхак»: Шыңғыс Ілияс баспасөз қызметіндегі кейбір құпияларымен бөліседі

Баспасөз қызметінің жұмысы қауырт. Шамасы келгенше қызметкерлері барлығына үлгеруі керек. «Таң кофемен басталады» деген түсінік бар. Баспасөз қызметкерлері ояна сала сайттарға шолу жасайды. Елдегі үздік саналатын он лентаны алдымен қарап шығу керек. Одан қалды телеграм-каналдар көп, фейсбуктегі парақшаларды, инстаграмдағы пабликтерге міндетті түрде көз жүгіртіп шығу керек.

Басшылық өткізетін жиындар мен оқитын баяндамаларынан хабардар болу керек. Ведомствоға қатысты іс-шаралардан хабардар болу керек. Қойылуы мүмкін сұрақтарды болжап, жауаптар дайындап қойған артық болмайды.

Сонымен бірге, шетелдік басылымдарды естен шығармай, елдегі, әлемдегі жайттарды біліп отырған артық болмайды. Танымал саясаткерлердің баяндамалары, баспасөз конференияларында жасаған мәлімдемелеріне де құлақ түріп қойған жөн.

Баспасөз қызметкерінің негізгі міндеті журналистерге жедел ақпарат жеткізу, сұрақтарына жауап дайындау, интервьюге мамандар дайындау. Тәжірибемде журналистерге ақпаратты сол мезетте, әрі кеткенде екі күннен кешіктірмей беруге тырысамын. Сондай-ақ, мүмкіндігінше құрғақ релизбен шектелмей, толық ақпарат әзірлеп берген жақсы. Керек болса, тақырыбына дейін қойып, спикердің сөзін қосып, толыққанда мәтін жазып берген жөн. Барлық сұрақты қамтысаңыз, өзіңізге де жеңіл болады.

Баспасөз қызметкері үнемі ізденіп жүруі керек. Білімін жетілдіріп, түрлі семинар-тренингтерден қалмағаны дұрыс. Реті келсе, дебаттарға да қатысу артық болмайды. Баспасөз қызметкерінің журналистер тобы (пулы) болғаны жөн. Ватсап, телеграм желілерінде чаттармен жұмыс істеген ыңғайлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған