«Тілшіден» 5 лайфхак: Нұржан Дияр таңғы эфирге дайындық және желіде белсенді болу жөнінде

Ұйқы қанық болуы керек. Өз басым жас болған соң, кейде достармен кештетіп қыдырып жүріп қаламын. Бірақ, ертеңіне эфирге шығу керек болса, ертерек жатуға тырысамын.

Эфирге сыңарыңмен шығасың. Сондықтан, екеуінің киімі үйлесіп тұруы үшін алдын ала ақылдасқан жөн. Шаш күтімі, бет әрлеу эфир алдында міндетті түрде жасалуы керек.

Эфирге шығар алдында артикуляциялық жаттығулар жасаған жақсы. Дауыстың жақсы шығуын қадағалау керек.

Эфирдегі визуалды қалыптастыру, өзіндік сөйлеу манерасымен, киім үлгісімен ерекшеленген дұрыс.

Әлеуметтік желіде белсенді бол. Күн сайын пост жаз. Сапалы видео мен фото жүкте. Контент мағыналы, пайдалы болсын. Міндетті түрде коллаборация жасап тұру керек. Желіде «көзден таса» болмауың керек.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған