Референдум барысында журналистердің қандай құқықтары бар? Медиазаңгер Гүлмира Біржанова кеңес береді

Құқықтық медиа орталықтың заңгері Гүлмира Біржанованың айтуынша, республикалық референдум – Конституция, конституциялық заңдар, Қазақстан Республикасы мемлекеттің өмірінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелері бойынша заңдар мен шешімдер жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру.

Республикалық референдум өткізу қағидаларының бірі – ашықтық.

«Сайлау учаскесінде бақылауды жүзеге асыратын тұлғаларға қызметтік куәлігі мен редакция тапсырмасы бар БАҚ өкілі жатады», – дейді медиазаңгер.

«БАҚ туралы» Заңның 2-бабына («Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы») сәйкес, журналист құқықтары:

  1. Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледi.

Цензураға тыйым салынады.

  1. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматты оның құқығы мен мүддесiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

20-бап. Журналист құқықтары

Журналистің:

1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;

2) мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға құқығы бар.

Аккредиттеу туралы Гүлмира Біржанованың айтуынша, БАҚ референдумға дайындық және өткізу барысын жариялайды, олардың референдум комиссияларында аккредиттелген өкілдеріне референдум өткізуге қатысты шараларға кіруге кепіл беріледі.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылы 6 мамырдағы «2022 жылдың 5 маусымға белгіленген республикалық референдумға БАҚ өкілдерін аккредиттеу туралы» Қаулысына сәйкес, БАҚ референдумның тиісті комиссиясына референдум шарасына журналисті уақытша аккредиттеу туралы өтініш беруі керек, онда:

1) журналистің аты-жөні, тегі, онымен байланыс жолдары;

2) шараның атауы мен өтетін уақыты;

3) БАҚ туралы мәлімет: БАҚ атауы, жеке тұлғаларға заңды мекенжай және заңды тұлғалардың орналасқан орны, БАҚ байланыс мәліметтері.

Өтінішке аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі қоса тіркеледі. Сондай-ақ, тиісті БАҚ-тің меншік иесі мен бас редакторы өтініште көрстілген журналистің оған қарасты БАҚ қызметкері екенін растайды және қол қояды.

Референдум комиссиясы журналисті аккредиттеуден келесі негіздер бойынша бас тартады:

1) тиісті құжаттарды тапсырмауы;

2) бұқаралық ақпарат құралдары өнімін тарату, немесе БАҚ шығарылымын таратуды тоқтату немесе жою туралы сот шешімінің заңды күшіне енгендігі;

3) құзырлы орган жүргізетін есепке алу реестрінде баспа басылымның, ақпарат агенттігінің, интернет-ресурстардың болмауы

Ақпаратқа қол жеткізу туралы

ҚР «БАҚ туралы» заңына сәйкес, журналист референдумға дайындық сатысында кез келген сұрақпен комиссияға жолығуға құқылы.

Дауыс беретін орын

БАҚ өкілдері дауыс беру жәшіктерін, жасырын дауыс беру кабиналарына кіру және шығуды бақылай алатын мүмкіндікпен қамтамасыз етілуі керек.

Фото және видеотүсірілім жөнінде

ҚР Азаматтық кодексінің 145-бабына («Өз бейнесіне құқық») және «БАҚ туралы» заңға сәйкес, журналистер учаскелерде фото және видео түсірілім жасай алады. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін дайындағанда, жариялағанда және таратқанда суретке түсірілетін адамның рұқсаты келесі жағдайларда қажет емес: егер аталған адам мәдени-бұқаралық, мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар, спорттық-бұқаралық шараларға, бейбіт жиналыстарда және өзге қоғамдық шараларға қатысатын болса.

Шағын кеңес! Міндетті емес, бірақ сізді журналист ретінде тануы үшін митингтерді жариялауға арналған жилеттерді киіп жүргеніңіз дұрыс! 

Егер сізде сұрақтар туындаса немесе референдумды жариялау кезінде заң бұзушылықтарға кезіксеңіз, 87015012944 телефоны бойынша әрдайым Құқықтық медиа орталығына көмекке жолыға аласыздар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған