KASE, Kompra, Uchet.kz ашық деректер базасымен жұмыс істеуде қолданушының қандай мүмкіндіктері бар?

«Тілші» медиа мектебінің кезекті вебинары Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының ЖОО студенттеріне, белсенді жастарына арналады. Қызығушылық білдірген тараптар да (ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, т.б.) қатыса алады.

Трениң барысында Қазақстандағы алғашқы Open Base тегін бірыңғай ашық деректер базасының презентацияcы болады. Жаңа құрал мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу, квазифискалдық шығындар, қаржылық есептілік саласында іздеу жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық деректер базасын талдаудың басқа да қолданыстағы құралдарымен жұмыс істеу дағдылары көрсетіледі. Open Base ақпараттық порталы USAID және Internews қолдауымен жасалды.

Трениң бағдарламасы:

1. Ашық деректер базасы негізінде зерттеу жүргізу: сатып алу, бюджеттер – журналистің қандай мүмкіндіктері бар?
2. OpenBase: қазақстандық ашық деректер базасындағы ақпаратты жинақтайтын негізгі құрал: құрылымы, мүмкіндіктері, жұмыс істеу қағидаты.
3. Жиналған деректерді сұрыптап, егжей-тегжейлі талдайтын базалар мен сервистерге шолу: KASE, Kompra, Uchet.kz.
4. Халықаралық ақпарат базасы

Open Base – Батыс Қазақстан өңірі

Уақыты: 26 мамыр 2022 15:00 (GMT +5)

Zoom сілтеме:
https://us06web.zoom.us/j/81029265504?pwd=QVNVVU5zRnV6WW40WCs2SWNlanVFZz09 

Идентификатор конференции: 810 2926 5504
Код: 923201

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған